Оңтүстік Кореяда жүрдек пойыз рельстен шығып кетті

0

2018 жылғы 8 желтоқсан 11:06 90

Оңтүстік Кореяда жүрдек пойыз рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сенбі күні Корея Республикасында жүрдек пойыздың рельстен шығып кетуінің салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.

 Жолаушысы бар пойыз Канныннан Сеулге 103 км/сағ жылдамдықпен бара жатқанда, жергілікті уақытпен 07:35-те 10 вагонының барлығы рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.Корея Республикасының Мемлекеттік аумақтар, инфрақұрылым және көлік министрлігі оқыс оқиғаның себептерін анықтау үшін арнаулы топты жіберді.
Оңтүстік Кореяда жүрдек пойыз рельстен шығып кетті

Yonhap News-тің хабарлауынша, бұл Каннын мен Сеул арасындағы алғашқы ірі теміржол апаты. Теміржол Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының қарсаңында, 2017 жылдың желтоқсанында ашылған болатын. 
Оңтүстік Кореяда жүрдек пойыз рельстен шығып кетті