Оңтүстік Кореяда 28 жастағы қазақстандық әйел өлі табылды
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/134/47/1344726.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/incidents/20200121/12594313/Otstk-Koreya-ayel.html
Қазір тергеу мен сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, әйелдің артында бес жастағы баласы қалды
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Оңтүстік Корея астанасы Сеулден 30 шақырым жердегі Ансан қаласында қазақстандық әйелдің мәйіті табылды.
«Қазақстандық әйелдің мәйіті 16 қаңтарда өз пәтерінен табылды. Қазір тергеу шаралары мен сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, әйел өз-өзіне қол салған.
Кейбір мәліметтер бойынша 28 жастағы әйелдің 5 жасар баласы бар, ол Қазақстанда тұрады.
Тағы оқыңыз: Қазақстандық бизнесмен Испаниядағы вилласынан өлі табылды
sputniknews.kz