Оңтүстік Корея жаңашыл бастамадан қиналып отыр

0

Майкл ЧУМАН,

«Нью-Йорк Таймс» – Инчхон, Оңтүстік Корея

Президент Мун Чжэ Ин басқарған Оңтүстік Корея салықты көтеріп, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруға уәде берді. Алайда жоспар жүзеге аспайтын түрі бар.

Экономиканың ілгерілеуі баяулаған, жұмыссыздық өскен. Мун Сьюнг секілді шағын кәсіпкерлер жиі шағым айтады. Инчхондағы автокөлік бөлшектерін шығаратын «Дасунг» компаниясының негізін қалаушы Мун мырзаның айтуынша, жұмысшыларға төлейтін жалақы мөлшері 3 пайызға ұлғайған. Өйткені былтыр ең төменгі жалақы мөлшері сағатына 7530 кореялық вонға, яғни шамамен 2550 теңге дейін өскен. Нәтижесінде Мунның онсыз да аз табысын тіптен төмендетіп, жұмысшы жалдауын тоқтатуға мәжбүрледі. «Көпке шамамыз келмейді», дейді С.Мун.

Президент Мун өршіл бастамалары арқылы әлемнің көп бөлігі, соның ішінде АҚШ тап болып отырған бірқатар экономикалық мәселелердің шешімін табуға талпынады. Экономикалық проблемалар қатарында бай мен кедейдің айырмасы, өсімнің баяулауы және жалақының азаюы бар.

Қабылданған шешімдердің алғашқы нәтижелері Мун мырзаның қателескенін, Д.Трамптың әрекеті дұрыс екенін білдірмейді. АҚШ-тағы жалақының өсімі кейінгі айларда қарқынды өскеніне қарамастан, жалпы алғанда төмен деңгейде қалып отыр. Әрі 2019 жылы америкалық экономика баяулайтыны болжанған. Ал кәсіпкерлікті қолдайтын саясат ұстанатын Еуропа елдерінде кейінгі кезде жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр.

Әйтсе де, Оңтүстік Кореяның түйткілдері экономикалық қиындықтан шығар кезде мемлекеттің кемшіліктерін көрсетіп берді. Әсіресе, құрылымдық өзгеріс кезінде қатты байқалады.

Оңтүстіккорялықтарға қазіргі экономикалық ахуал оңайға соқпайды. Ел экономикасы 1960-ші жылдардағы кедейшіліктен құтылып, әлемдегі алпауыт өнеркәсіпке ие мемлекет атанды. Смартфондар мен телевизор жасау бойынша жаһандық нарықтың негізгі күшіне айналды.

Автобөлшектер жасайтын компанияның негізін қалаушы Сеюнг Мун төменгі жалақы мөлшерін жоғарылатуға разы емес. Тим ФРАНКО, «Нью-Йорк Таймс»

Оңтүстік Кореяның жан басына шаққандағы Ішкі жалпы өнім көлемі (30 000 доллар) шамамен Италия және Испаниямен тең. Сондай-ақ 51 миллион халықты асырап отырған мемлекет өсімнің баяулауы, қартаю және Қытаймен бәсекелестік секілді дамыған елдер кездесетін қиындықтарға тап келіп отыр.

2017 жылғы мамырдағы сайлаудан кейін Мун мырза экономикалық саясатын күрт өзгертті. Ол жалақының өсуін, жұмыс уақытына қойылатын талапты күшейтуді, әлеуметтік мәселеге бөлінетін қаржыны ұлғайтуды көздейді. Есесіне, компаниялар мен табысы көптерге салынатын салық көлемі өсті.

Мун мырза елдегі қарапайым отбасы табысын ұлғайтуды көздейді. Оның мақсаты – тұрғындардың сатып алу қабілетін ұлғайту арқылы экспортқа тәуелділікті азайтып, жаһандық экономиканың тигізер әсерін төмендету.

Былтыр тамызда төменгі жалақы мөлшері қабылданғаннан кейін жұмыссыздық деңгейі сегіз жылда болмаған деңгейге жетіп, 4,2 пайызды құрайды. Алайда қазір бұл көрсеткіш жақсарып келеді. Өсім көлемі үшінші тоқсанда алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға өскен. Бірақ екінші тоқсанда өсім 2,8 пайызды құраған еді.

Ең үлкен қиындық шағын кәсіпкерлікке түсіп отыр. 2017 жылы шағын бизнес өкілдері арасында жүргізілген сауалнамада олардың 42 пайызы жалақы өскендіктен жұмысшыларын қысқартқанын мәлімдеген.

Алайда кейбір ұйымдардың басшылары төменгі жалақы бірден өспегенін айтып отыр. Осыған байланысты былтыр 21 қарашада 160 000 қызметкер наразылыққа шықты.

«Үкіметтен күтеріміз көп. Бірақ қазіргі таңда олар бұған дейін ұстанған саясатынан бас тартып, кері шаралар қабылдай бастауы ықтимал» дейді Сауда ұйымы бойынша Корея конфедерациясының өкілі Ли Джо-Хо.

Мун мырза ұстанған бағытын жүзеге асыру барысында саяси тұрғыда ұтылды. Gallup сауалнамасының деректері бойынша, оны қолдайтындар саны 2017 жылғы 84 пайыздық көрсеткіштен 45 пайызға дейін түсіп кеткен.

Ал Сеюнг Мун ел президентін кореялық кәсіпкерлер кездесіп отырған түйткілді шешіп, тепе-теңдік ұстауға шақырады. «Менің айтарым асықпау керек», дейді ол.

Дереккөз: http://egemen.kz/