Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады – Қазақстан жаңалықтары

0
2

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер қойнына табыстап жатқанын оның жақындары карантинге жабылғандықтан, онлайн көруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бала

Бұл туралы Daily Мail басылымы жазды. 

13 жастағы Исмаил Мұхамед Абдулвахаб Лондонның ауруханасында жападан жалғыз жатып көз жұмған. Тіпті, оны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне бейбақтың жақындары қатыстырылмапты. Марқұмның әкесі осыдан бес жыл бұрын қатерлі ісіктен көз жұмған екен. Ал карантинде жатқан оның отбасы мүшелерінің жерлеу рәсімін онлайн көруіне тура келіпті.

Исмаилдың денесінен коронавирус өткен жұмада анықталыпты. Ал үш күн өткеннен кейін оның жағдайы асқынып, артынша қаза болған. Ол Ұлыбританияда жұқпалы індеттен көз жұмған алғашқы бала болып отыр. 

бала

«Оның қарындасы мен ағасыны коронавирустың жеңіл белгілеріне шалдыққаны анықталыпты. Сол себепті Исмаилдың отбасы оның жерлеуіне қатыстырылмаған. Жерлеу кезінде онлайн көрсетілім болған. Бірақ видеотүсірілім, керісінше, қан жұтқан жанұяның қайғысын одан сайын күшейтіп жіберді. «

Қазіргі таңда бұл мемлекетте эпидемия салдарынан 3600-дан астам көз жұмған. 

 

 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз