Онлайн-сабақтағы порно: Білім басқармасы түсінік берді

0

Бесінші сынып оқушылары Zoom арқылы математика сабағын оқып жатқанда порноның қосылып кетуіне байланысты Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасындағылар түсінік берді

2020 жылдың 3 қыркүйегінде ZOOM платформасында 5-сынып оқушыларының оқу процесіне бөтен адамдар кіріп, балалардың компьютер экранында ұятсыз слайдтар шығарып, балағат сөздер айтып, математика сабағын бұзды.

Ата-аналар мен мұғалімдерден осы негізде хабар келіп түскеннен кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн-кездесу өткізді, деп атап өтті білім басқармасындағылар.

Сонымен қатар, оқушылармен чат пен платформаларда жұмыс істеу кезінде әдеп нормаларын сақтау бойынша тәрбие жұмыстары жүргізілді. — Сондай-ақ, ата-аналар кешке бейтаныс адамдармен сөйлесіп жүрген-жүрмегенін білу үшін балалардың ұялы телефондарын тексерді, бірақ ештеңе таппады.

Енді сабақтар Microsoft Teams платформасында өтетін болды, — дейді шенділер. Білім басқармасындағылар бұл келеңсіз жайтқан байланысты полицияға хат жолдағанын атап өтті.

Oinet.kz