Онкологиямен ауыратындарды нәжіс жеуге мәжбүрлеген: студентке қатысты сот ісі басталды

0

Елордалық тергеушілерге «AMARA Investment» хосписі мен «Астана Сити групп»  оңалту орталығындағы  науқастарды  қорлау туралы істі сотқа жеткізу үшін бір жыл уақыт қажет болды.
Онкологиямен ауыратын науқастар, негізінен деменциясы бар қарт адамдарды санитар тек ұрып-соғып қана қоймай, нәжісті жеуге мәжбүр еткен.

«Видеода қарттар мен науқастар. Оның оларды ұрып-соғып, тіпті нәжістерін жеуге мәжбүрлегені көрінеді. Ол бұл бейнежазбаны достарымен бөліскен. Бұл туралы белгілі болған кезде мекеме басшылығы студентті жұмыстан шығарды», — деді адвокат Мерхат Ахметолдин.

Тергеу жүріп жатқанда жәбірленушілердің туыстарының көпшілігі айыпталушымен бітімгершілік келісімдерге қол қойған. Сотқа тек үш зардап шеккен адамның – төрт жасар бала мен екі қарттың өтініші келді. Қарттар отырысқа дейін қайтыс болған. Марқұмдардың мүдделерін туыстары қорғамақ.

Сотталушы кінәсін мойындап, кешірім сұрады. «Азаптау» бабы бойынша ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
фото: doctor.ru