«Онкология бойынша тексерілуге келдім»: Төреғали Төреәлінің қарындасы Түркияға емделуге кетті

0

“Әйел мен ердің қарым-қатынасын реттеймін. Бақытты әйел болудың құпиясын білемін” деп ақылы сабақ сатып жүрген Фариза Төреәлі денсаулығындағы кінәратын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер жолдасы Дархан Нортаевпен Түркияның Ыстамбұл қаласына ем іздеп кетті.

“Неден бастарымды білмей тұрмын. Бірақ, бөліскім келіп тұр. Бәрін толық айта алмасам да, шет жағасын біліп жүріңіздер. Неге қуанышты сәттерімді бөлісе беремін дедім өзіме. Сіздер менің екінші отбасым, әрқашан қолдайсыздар, бірге қуанасыздар, бірге көп сәттерді бастан өткізіп келеміз. Қазір де кішігірім сынақтан өтіп жатырмын. Алланың мейірімі сондай шексіз, не болса да қабылдаймын. Онкология бойынша диагностикаға келдім. Елде нақты ештеңе айта алмады, бірақ өзгерістер бар екен. Нейроэндокриндік ісікке күдік бар, тексерілу керек. Аздап мән бермей жүрген едім. Дархан жай қалдыруға болмайды деп қатты кірісті. Тіпті маған айтпай Ыстамбұлға билет алып қойыпты», – дейді  блогер.

Сөзіне сенсек, ең мықты онколог-дәрігерді ағасы Төреғали Төрәлі тауып берген көрінеді.

“Ағам мен жеңгем мендегі мәселе бойынша ең мықты онколог-дәрігерді тауып берді. Әлем бойынша мықты онколог екен. Жақында Германиядан келіпті. Барлық анализдерді тапсырдық. Қан мен биопсия анализдерін салыстырады. Енді үш-төрт күннен кейін нәтижелері белгілі болады. Шок болып жүрмін. Бұның барлығы менімен болып жатпаған секілді. Басында түк елемедім. Бірақ түсім емес екенін білемін. Жолдасым да жанымнан табылды. Елде тексерілеміз деп қанша күн сандалдық. «Бұлай болмайды» деп Дархан барлық жолдарын қарастырды. Жарыма алғысым шексіз. Маған білдірмей, көңілі босап жүргенін байқадым», – деп жазды Фариза.

Еске салайық, жақында блогер күйеуіне Америкадан машина сатып әпергенін жазған болатынбыз.