«Өңірлік қауіпсіздікті нығайту қажет»: Тоқаев Тасмағамбетовке тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, кездесуде ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті.
Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.
Сонымен қатар президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.
Иманғали Тасмағамбетов ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.
Бұдан бөлек кездесуде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына және еліміздің аумағында өтетін оқу-жаттығу жиындарына дайындық мәселесі қарастырылды.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев тәліптердің Қазақстанның террорлық ұйымдар тізімінен алып тасталғанын айтып, Ауғанстанмен байланысты нығайту стратегиясын жеткізгенін жаздық. Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.