Өңірлерде әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру қашан басталады

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Президент жарлығына қарамастан, өңірлердің барлығы бірдей әскери міндеттілерді арнаулы жиынға тарту жоспарлап отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев өңірлерде әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру қашан басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Әскери міндеттілерді шақыру Ақтөбе және Атырау облыстарында жалғасып жатыр. 13 сәуірде Шымкент және Қарағанды облысында, 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында, 15 сәуірде Жамбыл облысында, 17 сәуірде Түркістан облысында басталады», – деді ол онлайн брифингте.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында арнаулы жиын өткізу мәселесі қаралып жатыр.

«Арнаулы жиын өткізу туралы шешімді жергілікті атқарушы органдардың басшылары өздері қабылдайды», – деді Боранбаев.

Ол президенттің жарлығына қарамастан, өңірлердің барлығы бірдей әскери міндеттілерді арнаулы жиынға тартуды жоспарлап отырмағанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды

Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Қызылорда, Павлодар жән Ақмола облыстарында арнаулы жиындардың бөлімшелері құрылған.



sputniknews.kz