Өңір оң өзгерістерге бет бұрды
Түркістандық ақсақалдар көктемде 1 млн ағаш отырғызу бастамасын көтеріп, қаланың көркейіп, гүлденуіне белсенді үлес қоспақ. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылар үшін қайырымдылық дүкенін ашып, 600 ересек адам мен 400 балаға киім-кешек үлестіруді көздеп отыр.
Аймақ басшысының облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер кеңесі және ақсақалдар алқасымен кездесуінде осындай ұсыныстар айтылып, өңірдің дамуы мен қоғамдағы өзгерістер талқыланды. Ішкі жағдайларды реттеу, жасөспірімдер мен жастардың тәрбиесін қадағалау жолдары қарастырылды.
Қазыналы қариялар мен зиялы қауым облыс туралы кейбір ақпараттардың негізсіз таралып жатқанына қынжылыс білдіріп, жалған ақпарат таратушыларды тәртіпке шақыруды сұрады.
Жансейіт Қансейітұлы өткен жылғы оң өзгерістерге тоқтала келе, кемшіліктермен жұмыс істеу барысында алдыңғы буынның тәжірибесі мен көрегендігі үлкен көмек екенін жеткізді.
«Түркістанды бірге түлетейік»
KzNews.kz