Өнімді жұмыс өрге бастар | «Айқын» газеті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше көңіл бөліп келеді. Жаңа жұмыс орындарын құру, халықты нәтижелі өнімді жұмысқа тарту, әрбір азаматқа табыс табуға және өзінің отбасын қолдауға мүмкіндік беру мақсаттар бойынша жұмыспен қамту бағдарламаларын Үкімет жыл сайын жүзеге асырады.
2009-2017 жылдарға арналған бюджеттен жұмыспен қамтудың бағдарламаларына шамамен 900 млрд теңге бөлінді. Бірақ бірқатар проблемалар әлі де бар: тұрақты жұмыс орнын табу, жастардың жұмыссыздығы және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың үлесі шешілмей қалуда.
Бюджет қаражатының көпшілігі уақытша жұмыс орындарына жіберіледі.
Қазіргі уақытта көптеген шара қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары сияқты құралдарды пайдаланумен шектелген.
Былтыр 573 мың бағдарламаға қатысушыдан тек 139 мың адам ғана уақытша жұмыс орындарына орналасты.
2018 жылы жұмыспен қамту бағдарламасында 110,5 мың адамға немесе қатысушылардың 26 пайызына уақытша жұмыспен қамту шаралары көзделген.
Жастар практикасының немесе қоғамдық жұмыстардың маңыздылығына еш күмән келтірместен, осы шаралардың көпшілігі уақытша екенін атап айтқымыз келеді.
2017 жылы жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдіргендер қатарынан тұрақты жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің үлесі жоспардағы 75 пайыздан тек қана 62,8 пайызды құрады. Сонымен қатар тұрақты жұмыс орындарында қатысушыларды тіркеу туралы деректер жоқ, сондықтан қабылданған шаралар тиімділігінің де растауы жоқ.
2017 жылы танымал мамандықтар бойынша қысқамерзімді курсты аяқтаған 68,4 мың адамның тек 39 мың адамы ғана жұмыс істейді (58%). Биыл оқуды аяқтаған 21,2 мың адамның тек 49 пайызы жұмысқа орналастырылды (10,5 мың адам, ал 10,7 адам жұмысқа орналастырылмады).
Осылайша, бір жарым жыл ішінде білім алған 39 мың адам жұмысқа орналастырылмаған, яғни оларды оқытуға бөлінген қаражат босқа шығарылды.
Сондықтан бағдарламаның құралдары мен бюджет қаражаттары, ең алдымен, тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталуы керек.
Бағдарламаның бағыттарын іске асыруы да көптеген мәселелерді тудырады. Осы жазда Бас прокуратура жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуын тексеру туралы мәліметтерді жариялады, оған сәйкес 1 млрд теңгеге жуық қаржы ұрлауы, 10,5 млрд теңгенің тиімсіз пайдалануы, 553 млн теңге сомасында кредиттердің мақсатты пайдаланбауы анықталды.
Бұл бөлінген қаражаттың жөнді игерілмеуінен және жұмыс пен тиімділіктің соңғы көрсеткіштерінің болмауынан болды. Сондықтан бәріміз үшін жұмыспен қамту бағдарламаларының нақты бюджет қаржысын игеру маңызды. Яғни, басты міндет – азаматтарды өнімді жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл қызмет адамдардың табысты болуына, олардың лайықты өмір сүру жағдайын жақсартуға көмектеседі.
Қазіргі таңда жұмыспен қамту саласының дамуына – білім беру жүйесі мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне теңесе алмайтынығы кедергі келтіреді.
Бұл кадрдағы экономиканың қажеттіліктерін болжау жүйесіне тікелей қатысты. Қазір мұндай толыққанды жүйе жоқ. Білім берудің мемлекеттік тапсырысын қалыптастыру процесі кадрға деген нақты сұраныстан қашық.
Жұмыс берушілер тарапынан жұмыс күшінің құзыретіне қойылатын талаптар мамандарды дайындау үшін оқыту деңгейі мен бағыттарына сәйкес келмейді. 2017 жылы жұмыс берушілер жариялаған 26 мыңнан астам бос жұмыс орны талапкерлердің мамандығы немесе біліктілігі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмеуінен толтырылмаған.
Мамандарды дайындау кадр нарығының қажеттілігі ескерілмей, жүзеге асырылады. Көп жағдайда болашақ мамандықты таңдау еңбек нарығындағы соңғы үрдістерге сәйкес келмейді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда кәсіптік білімі бар 73% немесе 323 мың адам жұмыс таба алмайды.
Сондықтан болашақ еңбек қажеттіліктерін үнемі зерттеу керек.
Еңбек нарығында тағы да бір жаһандық үрдіс бар – ол «дәстүрлі түрде» жұмыспен қамтылудан стандартты емес жұмысқа көшу, яғни қашықтан жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру.
Дамыған елдерде көптеген мамандықтар үшін қашықтан жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру нормаға айналды және олардың үлесі өсуде.
Ұлыбританияда 62% компаниялардың қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлері бар, ал қызметкерлердің 34 пайызы кеңседен тыс жұмыс істейді. Ресейде мұндай қызметкерлердің саны шамамен 2,5 млн адамды құрайды.
Қазақстанда бұл жұмыс түрі кең таралмаған. Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 пайыздан кем жұмысшы мерзімдік келісімшарт негізінде жалданған, ал жалдама жұмысшының тек 2,7 пайызы ғана аптасына 30 сағаттан кем жұмыс істейді.
Бұл тұрақты келісімшарттарға қатысты жұмыспен қамту туралы қатаң заңнамаға және керісінше, мерзімді келісімшарттар бойынша заңнаманың жетілмегендігіне байланысты. Әрине, қашықтан жұмыс істеу, аутсорсинг, краудворкинг (шын мәнінде, қарызға алынған еңбек) тек қана кеңейе түсетініне күмән жоқ.
Жақында Мәжіліс жұмыспен қамту саласының біраз мәселелерін шешетін заң жобасын қолдады. Бұл заң Мемлекет басшысының сапалы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қамсыздандырудың әділ жүйесін қамтамасыз етуге, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысуы жөнінде мәселелерді іс жүзінде пысықтауға қатысты тапсырмаларын орындау үшін әзірленген. Формальды емес жұмыспен қамтылған жеке тұлғалардың қызметін арттыру көзделген.
Бірыңғай әлеуметтік төлем – үлкен міндеттің шешімі. Ең бастысы – экономиканың көлеңкелі секторының азаюы. Бұл төлем жеке табыс салығын (ЖТС), зейнетақы қорына жарналарды және әлеуметтік сақтандыру қорына жарналарды біріктіреді. Бұл ретте, бейресми жұмыспен қамтылған адамдар зейнетақылық жүйе мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің толыққанды қатысушылары саналады.
Әрине, осы арнаулы салық режиміне қатысушылардың жергілікті бюджеттерге (ЖТС дәл сонда аударылады), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын жарналары мүлдем жеткіліксіз және тым болмағанда шотқа қызмет көрсету шығындарын ақтайтыны анық. Алайда бұл адамдардың ресми түрде тіркелгені және салық төлеуге дағдыланғаны маңызды. Сонымен бірге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды көлеңкелі істен шығару үшін Бірыңғай жиынтық төлемнің болуы жеткіліксіз.
Ынталандыру шараларын жеке кәсіпкерлер Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер қатарына өтпейтін етіп әзірлеу қажет, керісінше, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер кәсіпкер мәртебесіне ауысуын ынталандыру керек.
Бүгінгі күні еліміз әлемдік экономикаға интеграцияланған және жаңа даму кезеңінде әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жедел ден қоюға дайын болуы тиіс.
Жаһандық трендтер, демографиялық сын-қатерлер, төртінші өнеркәсіптік революция және жұмыспен қамту саласындағы проблемалар Қазақстанның еңбек нарығының болашақтағы даму бағытына тікелей әсер етеді.
Өндірістің технологиялық күрделілігінің өсуіне қарай көрсетілетін қызметтер саласы үлкен рөл атқарады. Бұл секторда жұмыспен қамтудың өсуі мен жаңа кәсіптердің пайда болуы үшін негізгі әлеует қалыптасу керек.
Айзада ҚҰРМАНОВА,
Мәжіліс депутаты,
«Нұр Отан» партиясы
фракциясының мүшесі