Өнімді ілгерілету кезіндегі техникалық кедергілерді жою бойынша жоспар әзірленді
ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша, ішкі нарықта өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және экспортқа жағдай жасау мақсатында 2018 жылы «Стандарттау туралы» ҚР заңы және оған ілеспелі заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бизнесті жаңа талаптарға қайта бағдарлау үшін заңдардың күшіне ену мерзімі 2019 жылдың 11 сәуіріне белгіленді.
Еуропа елдерінің тәжірибесіне негізделе отырып қабылданған заң стандарттаудың халықаралық үлгісіне өтуге жағдай жасайды және мыналардан тұрады:
- стандарттау бойынша жұмыстардың бірыңғай операторы ретінде Ұлттық стандарттау органын белгілеп, ұлттық стандарттау жүйесін құру;
- «мемлекет-бизнес-тұтынушы» арасында стандарттарды консенсустық талқылау орталығы ретінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мәртебесін арттыру;
- бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында техникалық ерекшеліктер арқылы мемлекеттік сатып алуда, салалық заңнамада стандарттарды, оның ішінде сапасы бойынша қолдану аясын кеңейту.
Бұдан өзге, ИИДМБ-3 міндеттерін іске асыру аясында әрбір тауарлық топ бойынша стандарттан анықталмақ. Бұл өндірушілерді жоғары сапаға бағдарлауға мүмкіндік береді.
Жалпы, Ж. Қасымбектің айтуынша, түзетулер өлшем құралдарын калибрлеуді дамытудың халықаралық үлгісін енгізуге, яғни шығарылатын өнім сапасын арттыруға бағытталған.
«Өнімді ілгерілету кезіндегі техникалық кедергілерді жою бойынша жоспар әзірленді. Басты шаралар ретінде мыналар анықталды: өңделген өнім туралы талаптарды зерделеу және келісу, стандарттарды бейімдеу, сондай-ақ, қазақстандық аккредиттеу жүйесіне аккредиттеуден өтуге үміткер шетелдік сертификаттау органдарын тартуда аккредиттелген және сынақ орталықтары базасын дайындау. Қазіргі уақытта осы жоспарды іске асыруға кірісіп кеттік», — деп түйіндеді Ж. Қасымбек.
Айта кету керек өнімді ілгерілету кезіндегі техникалық кедергілерді жою бойынша жоспар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесе отырып әзірленген.
Дереккөз: http://egemen.kz/