Өнімдерімізді Қытай арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға жеткіземіз – Сағынтаев
Фото: Нұржас Жақсыбай
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысына қатысты. Ол қазақстандық тауарларды Қытай арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға шығару мүмкін болатынын айтты.
«Биыл Елбасы Жолдауында Үкіметке экономиканы 600 млрд теңге қосымша қаржыландыру арқылы қолдауды тапсырды. «Атамекен» ҰКП бірлесе барлық механизмді толық дайындадық. Сәйкес тауарлық позицияны анықтадық. «Жол картасын» құрдық. Қатысатын негізгі банктер анықталды. Жыл соңына дейін қандай бағытта, қандай жобамен жүретінімізді анықтау қажет. Себебі Елбасының тапсырмасы бар, соңында ештеңе бермейтін түсініксіз жобаларға кетпеуі тиіс. Әртүрлі ірі жобалар бар, бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтауымыз керек. Қаржыландыруды жыл басынан бастаймыз», — деді Сағынтаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысында.
Үкімет басшысы микрокредиттеу бойынша келер жылы алға қойған индикаторларға жететінін айтты. Алайда оның айтуынша, осы бағдарламаға бөлінетін қаржыға қалада сұраныс жоқ, ал ауылдық жерлерде бағдарлама жақсы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Сағынтаев мәселені анықтауды срады.
«Ауыл шаруашылығы бойынша үлкен жұмыс атқарылды. АӨК бағдарламасы өзектендірілді. Жыл сайын АӨК бағдарламасына қаржы қосылып отырады. Бүгінде барлық нарық ашық, әсіресе Қытайдың үлкен нарығы ашылып отыр. Қытай Үкіметі тарапынан қытайлық серіктестермен бірлесе өнімдерімізді Қытай арқылы үшінші елге, яғни Оңтүстік-Шығыс Азияға жеткізетін боламыз. Абылай Исабекұлы (Мырзахметов – авт.) мұнымен хабардар», — деді ҚР Премьер-министрі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ