«Өнердегі әкем»: Мейрамбек Бесбаев Алтынбек Қоразбаевты туған күнімен құттықтады

0

Мейрамбек Бесбаев қазақ өнерінің дүлділі Алтынбек Қоразбаевты туған күнімен құттықтады. Әнші оны әкесіндей көретінін айтып, ақ тілегін жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев өнердегі ұстазын жаңа жасымен құттықтап, Instagram парақшасында онымен түскен мұрағаттағы суреттерін бөлісті. «Қазақ өнерінің ақсақалы, менің өнердегі және өмірдегі әкем Алтынбек көкемнің туған күні. Деніңізге саулық, басыңызға амандық тілеймін. Өміріңіз тек сәулелі сәттерден тұрсын», — деп жазды ол. Желі қолданушылары өнер иесінің тілегіне қосылып, туған күн иесіне жылы лебіздерін білдірді. «Алтынбек ағамыздың келген жасы құтты жас болсын. Денсаулығы мықты болып, Алланың сыйлаған жасын жасай берсін», «Ғұмырлы болсын», «Алтынбек көке жүз жасаңыз», «Өнер саласының үздігі», «Алтынбек көкеміздің туған күні құтты болсын! Ұзақ ғұмыр тілеймін. Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматы ғой. Аман болыңыз, ауырмаңыз алтын аға», — деп жазды көпшілік.