Өнер жұлдыздары 6 балалы анаға үйдің кілтін тапсырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мейрамбек Бесбаев, Ердос Қанаев, Сәкен Майғазиев, Жанар Айжанова сынды өзге де өнер жұлдыздары бірігіп, көп балалы отбасыға баспана кілтін табыс етті. 

Сүйінші хабарды Ердос Қанаев желідегі парақшасында жазды. 

«Сүйінші!!! Алланың қалауымен өнер адамдары 6 қыз тәрбиелеп отырған Сапарова Айнұр әпкемізге үйдің кілтін тапсырды. Барлық өнер иелеріне Алланың нұры жаусын. Сіздерге де жұғысты болсын. “Кімде-кім қандай да бір мұсылманның қажетінде болса, Алла ол кісінің қажетінде болады”, — деген пайғамбарымыз с.а.с.

Әншіле қауымы одан бөлек мұсылмандық іс жасап, ірі қара малын құрбандыққа сойды. Елімізде соңғы кезде болып жатқан, соның ішінде Мақтаралды су басу, Төле би ауданындағы тасқын, Ордабасы ауданы Аққойлы елді мекенінде болған құйын және де басқа табиғат салдарынан болып жатқан жағдайларға байланысты еліміздің өнер иелері бірігіп, ірі қара малды құрбандыққа шалды.

«Бұл іс-шараны ҚМДБ-мен бірлесе отырып жасап, әуелі Алла ризашылығы үшін, одан кейін сауабын әруақтарға бағыштап, Құран оқытып, елімізде бұдан кейін тек жақсылық болуын, еліміздің амандығын, халқымыздың ауызбіршілігін, енді бұдан кейін мұндай нәубет елімізде болауын Алладан сұрап құрбандықты “Бисмиллә, Аллаhу әкбар” деп шалдық. Сойылған малдың еті “Өнер иелерінің жақсылық жәшігі, ауызашар қоржыны” деп мұқтаж отбасыларға таратылды. Алла қабыл еткен болсын. Және де бұл істеп жатқандарыңыз “рия ғой, неге көрсетесіз, жасырын істсеңіздер болмайма?”- деген кісілер үшін де осы видеоны көрсеңіздер болады. Сөйлеп тұрған кісі Алматы қаласының бас имамы болған Нұрбек имам», — деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншілерге алғыс айтып, сауапты іске қайыр тіледі. 



stan.kz