«Өнер қырандары» он балалы анаға үйдің кілтін сыйлады (фото, видео)

0

«Өнер қырандары» әзіл-ысқақ театры мен «Харекет» қайырымдылық қоры бірлесе отырып, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент елді мекенінің он баласы бар тұрғынына үйдің кілтін табыс етті деп жазады NUR.KZ.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz

«Өнер қырандары» әзіл-ысқақ театры Он балалы Гүлнар Керімбекова баспана сыйлағаны жайлы Instagram парақшасында бөлісті.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz

«Шымкент қаласындағы кешіміз де ерекше өтті. Осы кеште «Харекет» тобы 50-ші үйдің кілтін он баласы бар анаға табыс етті. Барлығына алғыс айтамыз. Алла разы болсын», — деп жазды әзіл-ысқақ театрының ұжымы.

«Өнер қырандарының» бұл игі ісін көрген желі қолданушылары оларға алғысын жолдаған.

"Өнер қырандары". Фото: ernur.kz

«Өнер қырандары». Фото: ernur.kz

«Алла разы болсын», «Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын», «Бақытты болыңыздар», «Қандай керемет. Жаутаңдаған он балаға баспана алып бердіңіздер», «Сіздердей азаматтар елімізде көп болсын» деп желідегілер жылы лебізін жаудырған.

Айта кетейік, осыған дейін «Өнер қырандары» мен «Харекет» тобы бірлесе отырып еліміздің түпкір-түпкіріндегі тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы 50 отбасыға үй алып берген.

View this post on Instagram

О Халайық сүйінші сұрағаным, Алла куə қуаныштан жылағаным. Бүгін міне тағы бір жан баспаналы, Жылулығын сезінші бұл ғаламның! Ұлы халық қазақ сыйлар жас баласын, Алла бізді қыйын жолда тастамасын. Бүгін міне Елу үйдің отын жағып, Қуанышпен көруде баспанасын. Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Аллаға сансыз мадақтар болсын! Құрметті ағайын, «Харекет» қайырымдылық қорының кезекті 50-ші баспанасы Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент ауылы тұрғыны БАТЫР АНА Керімбекова Гулнар анамызға (10 баланың анасы) бұйырып отыр. 50 жылда – ел жаңа демекші.50 -баспана Ол бір елдімекен. 50 баспанада – 300 ге жуық адам қуанышты кун кешуде!!! Осының бәрі бір Алланың қалауы, ол біздің Қазақ халқының өз құндылығын сақтауы.Аллаға сансыз шүкір."Харекетіміз"берекелі болсын. Қайырымдылық іс-шарасына ат салысқан осы өңірдегі Түркістан облысы жане Шымкент қаласы «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері Төребай Асқарұлы, Тайрова Мадинаға сондай-ақ Жуманазаров Бахытжан,Тұрсынкулов Азамат, Құдайбергенова Жаннат,Әмірәлі Балжан Бегалықызына Қыпшақпаев Дауіржанға жане белсенділік танытқан барша бауырларымызға және Көмек берген "Ізгілік" əлеуметтік үйіне жане "ЗАМ-ЗАМ" Дəмханасына жанеде әр ай сайын көмек қолын созған барша абзал жандарға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!Қазақ елі Осындай қарқынмен біргелікті әлі талай игі істердің атқарылуына және қаншама Бауырларымызды баспаналы болуына сенімдіміз! Баршаңызға Алланың нұры жаусын! «Харекет» қайырымдылық қоры берекелі де, мерекелі болсын! 1000 ТЕҢГЕГЕ — БАСПАНА @xareket_kory_official ШОТЫМЫЗ: Жеке тұлғалар үшін: (Каспий терминалдан) КАСПИЙ ДЕПОЗИТ: ИИН 720208401907 КАСПИЙ ГОЛД: 5169493114170866 Киви кошелек 87765002029 #астана #алматы #шымкент #тараз #қызылорда #ақтөбе #орал #атырау #актау #мангыстау #қостанай #павлодар #петропавл #кокшетау #караганда #семей #түркістан #ислам #islam #лайк #xарекетқайырымдылыққоры #репост

A post shared by "ХАРЕКЕТ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ. (@xareket_kory_official) on