Ондаған «Мұсылман бауырларының» жақтастары өлім жазасына кесілді

0

30-қаңтар күні Каир соты «Мұсылман бауырлар» атты ұйымның 10 жақтасын өлім жазасына кесті. Бұл туралы Al Youm As Sabi хабарлады. Аталмыш ұйым мүшелері 2013-2015 жылдар аралығында Каир мен Газа аймағында мемлекеттік құрылымға қауіпті әрекеттер жасап, электр жарықтары орналастырылған бағаналарды жарып, террорлық актілер ұйымдастырған. Олар әскерилерге шабуыл жасап, бірнеше мәрте ғимараттарға жарылғыш зат қойған.

Аталмыш жазаны Мысыр мүфтиі жоққа шығара алады, алайда оның шешімі тек қана ұсыныс күйінде қалуы мүмкін. Даулы іс бойынша 215 адам қылмыстық іске тартылып, тергелуде. 2013 жылы Мысырда билік басындағы партия тақтан тайдырылып, ондаған адам өлім жазасына кесілген еді.