Он үш күн бойы 100 метрлік шұңқыр түбінде жатқан сәби көз жұмды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

499 0 0

13 қаңтар күні абайсызда шұңқырға құлап кеткен баланың мәйіті екі аптадан кейін шығарылды

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Испанияда құтқарушылар екі апта бойы 100 метрлік шахтадан шығаруға әрекеттенген бала көз жұмды.  

Екі жасар сәбидің денесі жұмадан сенбіге қараған түні (Астана уақытымен сенбі таңертең– Sputnik) шығарылды, деп жазды РИА Новости Pais басылымына сілтеме жасап. Қайғылы хабар баланың ата-анасына жеткізілді.   

13 қаңтар күні екі жасар Хулен тереңдігі 100 метр, ені 25 сантиметрлік тар техникалық құдыққа құлап кетті. Жергілікті басылымдар ол шұңқырға серуендеу кезінде түсіп кеткенін жазды. Азаматтық гвардияның 300-ге жуық құтқарушысы мен қызметкері баланы шығаруға күш салды.

Бәлеге душар болған Ақтөбе тұрғыны табылмай жатыр

 Тоталан муниципалитетіндегі (Малага провинциясы) баланы құтқару операциясын бүкіл Испания бақылап отырды, ата-анасы шахтаның жанында кезекшілік жасады. Баланың өлі не тірі екенін соңғы сәтке дейін ешкім білмеді. Ұңғымада біраз уақыт баланың жылаған дауысы естілді, алайда содан кейін сап тыйылды.  

Өткен жылы баланың үш жасар ағасы шетінеген екен.  

Шұңқырға құлаған бала мен оны құтқармақ болған кісі ажал құшты


Дереккөз: https://sputniknews.kz/