Он бес тәулікке қамауға алынуы тиіс экс-депутат әлі жазаға тартылмаған

0

Мамыр айында медициналық куәландырудан бас тартқан Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Әбішев 15 тәулікке қамауға алынуы тиіс болатын. Ол 8 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылып, депутат қатарынан шығарылды.

Енді ол қамаққа алуды кейінге қалдыру туралы сотқа екінші рет өтініш жолдап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Біріншісін 31 мамырда жазып, уақыты бір айға созылған болатын.

«2021 жылдың 7 шілдесінде Әбішевтің адвокатынан 2021 жылдың 21 мамырындағы сот шешімін орындауды кейінге шегеру туралы өтінішхат түсті. Қамаққа алыну Әбішевтің денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екені жазылған. Ол гастроэнтерологта емделіп, дәрі-дәрмек курсын жалғастыруы тиіс екені айтылып отыр», — делінген Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының хабарламасында.

Алайда сот қаулыны орындауды бір айдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру керектігін көрсеткен. Сондықтан екінші ретте өтініш қабылданған жоқ.

Экс-депутат оқиғасы

Sputnik Қазақстан хабарлағандай полицейлер 25 мамырда сағат таңғы 5 кезінде Toyota Camry тізгінінде отырған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Әбішевті тоқтатты. Жүргізушіден алкогольдік ішімдік иісі шыққан. Бірақ ол медициналық куәландырудан бас тартты.

Құқық қорғау қызметкерінің талабын орындамағаны үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Экс-депутат ота жасағандықтан, бұл жазаны бір айға кейінге қалдырған болатын