Он балалы ерлі-зайыпты ажырасты дегенде…осындай ой болған шығар оларда да

0

Он балалы ерлі-зайыпты ажырасты дегенде…осындай ой болған шығар оларда да

“Елдің бәрі бала көбейтемін деп, екі-үш әйел алып кетпесін» деп Шара тәтем жазыпты, кемпір-шалды қуып шықпасын депті Ғанибет. Ал мен ажырасатындардың қатары арта ма деп алаңдап отырмын.

Бір ана бүгін былай деп xабарласты:

— Күйеуімнің жалақысы 155 мың. Бұл айлықпен біз атаулы көмекке ілінбей келдік. Енді екеуміз заңды түрде ажырасайық деп айтсам көніңкіремей отыр.

— Ол қалай сонда? Неге?

— Енді солай жасасақ, мен жалғызбасты ана болам. Күйеуімнің алименті бесеумізге жетпейді. Әрі тез үй алам. Айналып үйге келетін ақша ғой бәрібір.

— Ойбай, байқаңыз, кезінде осылай өтірік ажырасам дегендер шын ажырасып кеткен.

— Ой, сіңілім, қорықпа, бесіншіге аяғым ауыр. Біз енді ажырасып қайда барамыз?! Бізді биліктегілер ақымақ қылса, біз одан асып түспейміз бе? Айласын асырып, түйені түгімен, вагонды жүгімен жұтатындардан қаламыз ба? Оның қасында біз балаларымыз үшін күресіп жатырмыз.

— …

Р.S. Ажырасқандардың көбейгеніне күйіп мақала жазып едім, не болды ал енді?… Он балалы ерлі-зайыпты ажырасты дегенде…осындай ой болған шығар оларда да. Еееее…

Гүлжан Рахман

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 451    Пікірлер: 0