Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

0

Ақпанның 26-сы күні Қазақстан президенті жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды.

55 жастағы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шөкеев бұған дейін 2006 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. Кейін премьер-министрінің орынбасары, «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы болды. 2017 жылдың желтоқсанынан бері премьер-министрдің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып келді.

Азаттық