Өмірзақ Шөкеев сауда және инновация форумына қатысты

0

Бүгінгі таңда 13 тауар түрі бойынша 13 хаттамаға қол қойылды, тағы үш хаттама Қазақстан Премьер-Министрінің ҚХР-ға ресми сапары кезінде қол қоюға келісілді.

Сапар барысында қазақстандық делегация 130-дан астам ел мен ұлтаралық компаниялар қатысатын «CHINA INTER­NATIONAL IMPORT EXPO» им­порттық тауарлардың халық­­аралық көр­месінде болды. Еліміз­­дің ұлт­тық павильонында 30-дан ас­­там ком­пания өнімдері ұсы­ныл­ған, олардың негізгі бөлігі азық-түлік өндірушілер.

«CHINA INTERNATIONAL IMPORT EXPO» көрмесі барысында Ө.Шөкеев «сауда және инновациялар» форумына қатысып, халықаралық көрме қонақ­тарының алдында баяндама жасады. Ви­це-премьер өз сөзінде Қазақстанның ауылшаруашылығын инвестициялаудың артық­шылықтары туралы айтып берді.

Сонымен қатар «сауда және инно­­ва­­циялар» форумында көрме­нің ұлт­тық делегацияларының бас­шы­лары, Еуро­одақ елдерінің премьер-ми­нистр­лері және министрлері, Экономи­ка­лық ынты­мақ­тастық және даму ұйымы­ның (ЭЫДҰ) басшылығы, сондай-ақ Microsoft және Ali­Baba компания­лары­ның негізін қалау­шылар сөз сөйледі.

Көрме барысында Қазақстан Ауылша­руашылығы министрлігінің, «Қаз­Агро» АҚ басшылығының және об­лыс әкім­діктері өкілдерінің қаты­суымен Қытай мен Қазақстан іскер топтарының екі­жақты кездесулері өтті. «Qazaq capital partners» мен «Wu­deli Flour Group Co. LTD» арасында Ас­тана қаласында астық өңдеу жә­не кес­пе өндіру зауытын салу туралы ме­мо­рандумға қол қойылды. Қытай ком­па­нияларының өкілдері Қазақстан­ның ауылшаруашылығы саласына қызы­ғушылық танытып, инвес­тиция салуды жоспарлап отыр.

«Егемен-ақпарат»