Өмірлік серігін тапқан жігіт махабаттың күшімен өлімнен аман қалды
Францияда 25 жастағы жігіт махаббаттың күшімен ауыр дерттен айығып кетті. Ер адам анорексияны жеңіп шыққан. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2011 жылы әйелімен ажырасқанды көтере алмаған Дориан Тукуэр күйзеліске түсіп, тамақ ішуден қалады.
Анорексияға душар болған азамат 45 келіге дейін азып кетеді.
Алайда 2017 жылы Софи есімді аруды кездестірген жігіттің өмірі өзгеріп сала берген.
Өмірмен қош айтысуға шақ қалған жігіт Софиге деген махаббатының арқасында дертті жеңіп шықты.
Дориан бүгінде салмақ жинап, бодибилдингке ден қойған.
«Мен өмірге қайтып оралғандаймын. Қайтадан бақыттымын», — дейді жігіт.