Өмірлік серігім бар: Нұрсұлтан Құрман жеке өмірінің құпиясын ашты — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал журналист, тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман жеке өмірінің құпиясын ашты. Ол үйленбегенін, алайда өзін түсінетін өмірлік серігі бар екенін ашып айтты. Бұл туралы «Хабар» арнасының «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Нұрсұлтан Құрман«Бала-шағам жоқ, бірақ өмірлік серігім бар десек те болады. Бірге тіл табысқан, ойымыз бір жерден шығатын, бір-бірімізді қолдап, демейтін азамат бар, ол міндетті түрде болуы керек», — дейді Нұрсұлтан. 

Журналистің таңдаған сүйіктісі өнер әлемінен алыс болып шықты. Сөзіне қарағанда, бөлек тұрады. — Алайда көп уақыт біргеміз, — деп құпияның шетін ашып қалды тележұлдыз. 

«Әркімнің өзінің тұрғын үйі бар. Бірақ басымыз бір жерде тоғысатын сәттер жиірек болады. Шайды көбіне-көп бірге ішеміз ғой басқаша айтқанда», — дейді Нұрсұлтан.

Сондай-ақ, ол сүйіктісінің жасандылықтан ада екенін, оны сол үшін де сүйіп қалғанын айтып қалды. 

«Таныстығымыз жай таныстық болды. Араласып, сөйлесіп, ақырында ұнату пайда болды. Уақыт өте келе бауыр басып қалдық. Кейін сезім пайда болды. Ондайға сенбейтін едім.

Менен кіші емес. Соны ғана айта салайын. Қалған дүние құпия болып қала берсін. Жарасымды жұп екенімізді ортам біледі. 

Болашақ жарым деп қазір 100 пайыз айтпай-ақ қояйын, өйткені шешімін таппай жүрген бірнеше фактор бар», — дейді Нұрсұлтан Құрман.

stan.kz