Өміріңізді өзгертетін 7 әдет | Reactor.inform.kz

0

Адам баласы белгілі бір әдет қалыптастырса, ол өмірінің бір бөлігіне айналады. Ендеше өміріңізді өзгертуге септігін тизігетін жаттығуларды ұсынамыз. 

✅  1. Суды көбірек ішіңіз. Дұрыс қызмет көрсету үшін денемізге су аса қажет. Ересек адам күніне 2 литр су ішу керек. Су ішудің тәртібін мына жерден толығырақ оқыңыз. 

✅  2. Ішіп жатқан сусыныңыздың пайдасын ойлаңыз. «Бұл сусын маған пайдалы ма?» деген сұрақты өз-өзіңізге қойыңыз. Көбіне біз энергетикалық, тәтті сусындарға, алкогольге құмармыз. Оның орнына кәдімгі су немесе көк шай ішіп әдеттеніңіз, бұның ағзаға берер пайдасы зор болмақ. 

✅ 3. Теледидар алдында, көлікте, жұмыс үстелінде компьютерге қарап отырып тамақ жеуді доғаратын уақыт келді. Бұндай кезде сіздің бар назарыңыз тамаққа аумайды, сондықтан аузыңызға не салып жатқаныңызды ойлай бермейсіз. Өз-өзіңізден: «Жеп отырған тамағым ағзама пайдалы ма?» деп сұраңыз. Тамақты ауызға салған соң, 20 рет шайнап барып жұтқан жөн. 

✅  4. Ұйқыңыз қанық болсын. Дұрыс ұйқы денсаулығыңызға үлкен пайда әкеледі. 

✅ 5. Өзіңізді жақсы көріңіз. Әр адам сүйікті, бақытты болуға әбден лайықты! Айнаның алдына барып: «мен қандай әдемімін, мен қандай ақылдымын, мен қандай кереметпін!» деп қайталаңыз. 

✅ 6. Тіс щеткасын ауыстырыңыз. Қарапайым кеңес болып көрінсе де, бұл – өте маңызды әрекет. Әр үш ай сайын тіс щеткасын міндетті түрде өзгерту керек. Бұл сізге зиянды бактериялардың көбеюін болдырмайды. 

✅ 7. Қарапайым жаттығулар жасаңыз. 

— баспалдақпен жүріңіз;

— жуынатын бөлмеде 20 рет отырып-тұрыңыз;

— түскі үзіліс кезінде, орныңыздан тұрып, жүріп келіңіз;

— жұмыстан келген соң, жата кетпей, 25 рет отырып-тұрыңыз;

— тамақ дайындап жатып, үй жинап жүріп билеңіз.

http://inform.kz