«Өмірімді түбегейлі өзгертті»: Гүлназ Жоланова ана атанғанын растады

0

Отандық киножұлдыз, актриса Гүлназ Жоланова сәбилі болғанын растап, оқырмандарына айтып берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова актрисаның балалы болғанын айтып қойған еді.

“Гүлназ ылғи «Неге мені шақырмайсыз?», «Неге мені түсірмейсіз?» деп сұрайтын. Саған бір рөл бұйырмай жатыр деуші едім. Осы жолы бірнеше актрисаны қарадым. Гүлназға хабарлассам, «Түскім келген кезде шақырмай, декретте отырғанда шақырғаныңыз қалай?» дейді. “Балаңа қараймыз. Бүкіл түсірілім тобы бала күтуші боламыз, түсші” дедім. Тіпті балаңды өзім бағамын дедім. Сонымен фильмге Гүлназ түсетін болды», – деген еді продюсер.

Көп уақыт өтпей, актриса да ана болғанын растап, қуанышын бөлісті.

“Менің сүйікті тамыз айым да келіп қалды. Бұл ай менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Бұл айды өмір бойы асыға күтетін боламын. Себебі бұл айда мен ана атандым», – деп жазды өнер иесі жеке парақшасына.