«Өмірім тозаққа айналды»: Жасанды төсін алдырған әйел жан сырын ақтарды

0

Бүгінде төсін үлкейткісі келетін арулардың қатары күн санап артуда. Алайда, 31 жастағы австралиялық азаматша Кейт Уотерс бойжеткендерді үлкен қателікке бой алдырмауға шақырады деп жазады bigpicture.ru сайты.

Фото:Daily Mail

Кезінде жасанды төсімен мақтанған ол кейіннен адам сенгісіз күй кешкен. Өмірі тозаққа айналған ару өз басынан өткенімен басқалармен бөлісуді жөн санайды.

Фото:Daily Mail

24 жасында төсін үлкейткен Кейт бұл шешімі үшін өмірінің соңына дейін өкінетінін жеткізді. Анықталғандай, бес мың долларға кеудесін қажетті мөлшерге үлкейткен ару ұлын босанған соң үлкен қиындықтарға тап болған.

Фото:Daily Mail

«Өзімді барлық жері ауыра беретін кемпірдей сезіндім. Сүйектерім қақсап, иығым, арқам мен мойным ауыра беретін. Оған қоса, өзімді тым әлсіз сезіндім. Бұл сырқаттың барлығы төс салдарынан екенін ұққан соң, ұлым үшін оларды алдыртып тастауға бекіндім» , — деді Кейт.

Фото:Daily Mail

Ол ана мен баланың ерекше байланысына өзінің жасанды кеудесі кедергі болғанын қаламаған. Он ай бойы ұлын импланттармен емізген ару 2018 жылдың қазан айында омырауын кішірейту отасын жасатыпты.

Фото:Daily Mail

12 мың доллар тұратын операция сәтті өтіп, ояна сала келіншек өзін еркін сезінгенін айтты.

Фото:Daily Mail

«Мен ота салдарынан сүтімнен айырылып қалам деп қорыққан болатынмын. Алайда, керісінше сүт деген одан бетер көп бола бастады. Бұл мен және менің отбасым үшін аса маңызды әрі дұрыс шешім болды. Өзімді сондай жеңіл сезіндім, ауыртпалық жоқ» , — деді ол.

Фото:Daily Mail

Кейт операциядан соң бір күннен кейін-ақ ұлын емізе берген. Ол бұрындары жасауға тыйым салынған дүниелермен айналысуға мүмкіндік туғанын айтты.

Фото:Daily Mail

Бүгінде аяулы ана мен сүйікті жар өміріндегі ең бақытты шақтың басталғанын жеткізді.

Фото:Daily Mail

Фото:Daily Mail

Фото:Daily Mail