“Өмірге мені жылату үшін келген жоқ” — Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне қатысты бар шындықты айтты
«Шаншар» театры арқылы елге танымал болған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасу туралы сұрап жүргендергі «1001 түн» бағдарламасында жауап берді. Бұл туралы EL.kz хабарлап отыр.
Оның айтуынша, жолдасы қазіргі уақытта жұмыс бабымен Сарыағашта өз үйінде тұрып жатыр.
Өмірге Өмірсерік мені жылату үшін келген жоқ. Жолдасыма өмірде разымын. Көре алмайтындар көп. Содан осы әңгіме шығып кеткен. Дәл қазіргі сәтте Өмірсерік Сарыағаш қаласында жұмыс істеп, өзінің үйінде тұрып жатыр. Құрылыс компаниясында істейтіндіктен, жұмысы солай. Бәрі келісім-шартпен жүреді. Соны біреулер ойластырып, Сарыағашта жүргеніне ажырасып кетіпті деп жүр, — деп жауап берді ол.