«Өмір сүруге әлім жоқ! Бәрінен жалықтым!». Жоғалған әйелдің күйеуі оның хатын тауып алғанын айтты (видео)

0

Бірнеше күн бұрын елордадан Қарағандыға бет алған жүкті әйел өлер алдындағы хат жазып қалдырған. Хатты оның күйеуі тауып алған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Әйел адам 14 қаңтар күні Ақмола облысынан Қарағандыға қарай шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Оны дәл қазір күйеуі Александр Ершов, полиция және волонтерлер бірге іздестіріп жатыр.

Отағасы күн сайын Қарағандыға келіп жоғалған Гүлнәр Сәрсенованың суретін көрсетіп іздестіріп жүр.

29 қаңтар күні әйелдің суретін ілгелі бері екі адам волонтерлерге оны көргенін хабарлады. Олар әйелдің Қарағандының Восток-1 шағын ауданында құрбысының үйінде екенін айтқан. Күйеуі бірден Қарағандыға шыққанымен, әйел адам 10 минут бұрын кетіп қалған-мыс.

Бүгін Александр 28 желтоқсан күні Гүлнәр мен анасының арасында кикілжің болғанын айтып, видеоүндеу жариялады.

«Ол осыдан кейін үнсіз қалып, өз бетінше жүрді. Мен қолымнан келгенше оған қолдау білдірдім. Бірақ мен де, ол да кетіп қалдық, жағдай солай болып қалды. Бұл хатта ол өзін ешкім түсінбейтінін және өмірімен қош айтысқысы келетінін жазған. Мен барлық адамнан сұраймын: бәлкім біреу көрген шығар, естіген шығар. Себебі соңғы рет оны Прудыда көрген екен. Көмектесіңіздерші, өтініп сұраймын. Менің «вотцап» нөмірім 8 777 024 35 35. Сондай-ақ, адамдарды сынамаңыздар, өтініш. Мені өлтіріп, бір жерге көміп тастады деп жатыр. Не үшін? Кейін оны іздеуім үшін бе? Не үшін керек?» — дейді ол. 

Айтуынша, хатта «… Өмір сүруге зауқым жоқ, әлім жетпейді! Бәрінен шаршадым! Маған бірнәрсе болса, менің өліміме ешкімді айыптамауларыңызды сұраймын! Мен өзім солай шештім! Мен құрудан шаршадым, біреу сындырып әлек…» деп жазған.

32 жастағы әйел жүктілігінің алтыншы айында. 14 қаңтардан бері оның телефоны сөндірулі, әлеуметтік желіге кірмейді.