Омбыдағы Эрмитаж филиалының орталығына қазақ суретшілерінің туындылары қойылды
Қысқа сілтеме алу
Таңертеңнен бастап «Эрмитаж-Сібір» орталығындағы бақылаушылар Омбы тұрғындары мен қала қонақтарын күлімсіреп қарсы алды
OMБЫ, 8 қараша – Sputnik. Эрмитаждың бірінші Сібір филиалы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кеткеннен кейін келушілерге есігін айқара ашты.
«Эрмитаж-Сібір» Музейная көшесінде орналасқан. Үш қабатты ғимаратта үш көрме бар: суретші Геймран Баймұхановтың таңдаулы туындылары, Омбы суретшілерінің жұмыстары және Таяу Шығыстың қару-жарақ дәстүрлері.
©
Sputnik / Айгюзель Кадир
Щучедегі қыс. Г.Баймұханов
Музейде таңертең аудиогид немесе қарапайым гид болған жоқ. Эрмитаждың Омбыдағы күндеріне арналған арнайы бағдарлама бар болып шықты.
©
Sputnik / Айгюзель Кадир
«Омбы Эрмитажында» келушілер жәдігерлерді көріп жатыр
Президенттерге шығыс қару-жарақтарының композициясы туралы Мемлекеттік Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский айтып берді. Ол Үндістаннан, Кавказдан, Орта Азиядан әкелінген қылыштарды көрсетті.
©
Sputnik / Айгюзель Кадир
Эрмитаж-Сібір
«Керемет көрме. Мен немеремді демалыс кезінде осында әкелуді ұйғардым. Өткен ғасырдағы көптеген жәдігер қойылыпты, бала қару-жарақты көрді. Жағымды әсер қалдырды, билеттің бағасы арзан, зейнеткерлер мен балаларға жеңілдік бар. Омбы тұрғындары үшін бұл өте жақсы сыйлық», — деді немересі Платонмен бірге келген Олег Липкан.
©
Sputnik / Айгюзель Кадир
Олег Липкан немересі Платонмен
Қала тұрғындары орталықтың ашылуын бес жыл күтті, дейді мұғалім Ольга Кавелина. Ол ұлы Александр екеуі мұражайдан үлкен әсер алды.
«Ғажайып экспозиция, шығыс қару-жарағы керемет, ежелгі дәуірден 19-ғасырға дейінгі қару-жарақ іріктеліп алынған. Тарихшы ретінде қатты қызығушылық таныттым», — деп жауап берді Александр Кавелин.
©
Sputnik / Айгюзель Кадир
Жайлау. А.Шәкенов
Омбы суретшілерінің залында Фельдманның «Қазақстан» картинасы, сондай-ақ Қазақстан суретшілер академиясының академигі Амангелді Шәкеновтің «Жайлау» туындысы лайықты орын алған.
sputniknews.kz