Олжас Сүлейменовтың екінші хаты: Менен қателік кетті…

0
82

Олжас Сүлейменов жиен немересінің өліміне қатысты тағы да хат жазды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтының дерегін негізге алып.

Сот отырысы кезінде Олжас Сүлейменовтың жаңа хаты оқылды. Ол Малика Мұхитованың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан айырмауын сұрады. Сондай-ақ ол хатты жазған кезде Ескендірдің ата-анасымен ақылдаспағанын айтқан.

♦Маликаның соттағы соңғы сөзі: Ескендірді түсімде көрдім

«26 желтоқсанда менің жиен немерем Ескендір Сүлейменовтың өліміне қатысты апелляциялық сот отырысы өтеді. Менің қызым, Ескендірдің анасы  Лейлә Сүлейменова мен Сергей Ханға бұл жайттың ұзаққа созылуы физикалық және психологиялық тұрғыдан әсер етіп жатыр. Әсіресе қызыма. Осы уақытқа дейін менен Мұхитованың туыстары кешірім беруімді өтініп жүрді. Мен жол апатының қасақана жасалмағанын білемін. Оның туыстары отбасының үлкені мен болғандықтан менімен кездесуді қалады. Олармен кездескеннен кейін бірнеше ай бойы мен жиен немеремнің өліміне себепкер болған қыздың тағдыры туралы ойлана бастадым. Осындай сезіммен менің жазған хатым, Мұхитованың жазасын жеңілдету туралы өтінішім 20 желтоқсанда өткен сот отырысына жөнелтілген болатын. Алайда бұл хат Астана қаласына жетпей тұрып-ақ әлеуметтік желіге таралып кетті. Сондай-ақ жазған хатым менің туған туыстарымның арасында үлкен резонанс тудырды. Әрине, хатты жазбас бұрын қызым мен Сергеймен ақылдасуым керек еді. Менің тарапымнан қателік кетті. Алайда сот менің жазаны жеңілдетуге қатысты айтқан өтінішімді жеке адамның көзқарасы ретінде қабылдайды деп сенемін. Сондай-ақ менің жасаған мәлімдемем Ескендірдің ата-анасының көзқарасымен сәйкес келмейді. Бұл менің жеке пікірім. Құрметпен Олжас Сүлейменов», — деп жазылған хатта. Бұл хатты сот отырысы кезінде адвокат Альмира Шайхин оқып берді.

♦Олжас Сүлейменов Малика Мұхитованы кешірді

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 27 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді.  Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова қағып кеткен. 29 жастағы Малика Мұхитова сот отырысында марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады. Өзінің кінәсін толығымен мойындап, зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

♦Ескендір Сүлейменовтің қалыңдығы: Хатым сол күйі оқылмай қалды

24 қазанда өткен сот отырысында зардап шеккен тарап сотталушыдан 14 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын өндіруді талап еткен еді. Алайда кейін марқұмның отбасы ол талап-арызды қайтарып алды.

9 қарашада өткен жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Әлішер Бараев айыпталушы Малика Мұхитованы екі жылға бас бостандығынан айыруды және үш жыл көлік жүргізуге тыйым салуды сұраған еді.

Марқұмның ата-анасы қазақстандықтарға үндеу жасап, сотталушының шын өкінгеніне сенбейтінін айтты. Алайда 20 желтоқсанда Олжас Сүлейменов Малика Мұхитованың жазасын жеңілдетуді сұрап хат жазған болатын.

«Қамшы» сілтейді