Олжас Сүлейменовтің әйелі дүниеден өтті

0

Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің әйелі қайтыс болды. Қаралы хабарды журналист Гүлжан Ерғалиева әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

Олжас Сүлейменовтің әйелі Маргарита Владимировна қайтыс болды, — деп хабарлады ол.

Олжас және Маргарита Сүлейменовтердің Динара, Мәдина, Ләйлә есімді үш қызы бар.

2018 жылы 22 маусымда жалғыз жиені Ескендір Сүлейменов астанада көлік апатынан қайтыс болды.