Олжас Сүлейменов «Мәдениеттерді жақындастыру орталығын» басқарады

0

Ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменов Алматыдағы «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік мұражайының директоры болды. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, мұражайдың жаңа басшысын ұжымға мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.

Мұхамедиұлы бұл мұражайдың үш жыл бұрын ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату үшін құрылғанын айтты. Оның сөзінше, Олжас Сүлейменов бірнеше жыл бұрын ЮНЕСКО-да мәдениеттерді жақындастыру туралы идея көтерген.

«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік мұражайы 2015 жылдың соңында бұрынғы республикалық кітап мұражайының орнына құрылған.

Бұған дейін мұражайды басқарған академик археолог Карл Байпақов 22 қараша күні қайтыс болған.

Дереккөз: Азаттық