Олжас Бектенов геологиялық барлаудағы басымдықтар туралы: Табыстың өсуі үшін біздің жер қойнауын бірінші кезекте мемлекеттік компаниялар зерттеуі керек
Премьер-министр «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясын қолдауды және дамытуды тапсырды.
«Біз, ең алдымен, жер асты ұлттық байлығымызды мемлекеттік компанияларға тапсыруымыз керек, барлау жүргізіп, оны дамытып, игеріп, содан кейін инвесторларды тартуымыз қажет. Сонда ғана оның құны өседі және мемлекет пайда көреді. Осы тетікті кеңінен қолдануымыз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.