Home Жаңалықтар Өлтірмек болған: Алматыда теміржол қызметкеріне оқ атып, жарақаттап кетті

Өлтірмек болған: Алматыда теміржол қызметкеріне оқ атып, жарақаттап кетті

0
142

Алматыда теміржолшыға белгісіз біреу оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны теміржол қызметкерін өлтіруге әрекет жасады.

«26 шілдеде Көліктегі полиция департаментінің Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне Н. есімді ер адамға шабуыл жасалғаны, соның салдарынан ол оқтан жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктіден «Наган револьвері тәркіленді», – деді Көліктегі полиция департаменті басшысы Оңал Бекеев.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.