«Өлсеңдер жақсы болатын еді»: 4 баланың әкесінің сөзі жұрттың жағасын ұстатты (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

8 жасар Марал Болатхан анасы көз жұмғаннан кейін әкесінің тастап кеткенін айтып, оған деген ренішін жеткізді. Айтуынша, әкесі «Сендерді жеккөремін» деген сөзден қымсынбаған. Тіпті, өлгендерің жақсы де айтатын кездері болған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап. 

балалар

Сурет: «Астарлы ақиқат» видеосынан скриншот

Бүгінде төрт ағайынды иесіз қалған орыс отбасының үйін паналап жүр. Баспананың кімге тиесілі екенін де білмейді. Десе де, аналарының қайтыс болғаны үшін берілетін 60 мың теңгеден бөліп-жарым коммуналдық төлемдерді қалдырмай төлеуге тырысады. Осы орайда олар басынан өткен оқиғасын баяндап берді. 

«Анам ауырды, оған рак деген диагноз қойды. Бірақ нақты диагнозын таба алмады. Солай ма, олай емес пе білмейміз. Анам тірі кездің өзінде солай болған. Анамның күшімен ғана жүрді. Ол кісі қайтыс болғаннан кейін мүлдем жоқ болып кетті. Ауылда үйіміз болды. Бәріміз бірге тұрдық. Алайда ол үйді әкем туған әпкесіне бере салды. Анам берме десе де тыңдамады. Осы күндері өз бетімізбен алаңға шығып жұмыс істедік», — дейді 

Әкелері балаларын әпкесінің үйіне апарған. Алайда бүлдіршіндер бұл әпкесінің өзін жақтырмағанын айтады. Пәтерге шығуларына осы нәрсе себеп болған екен. Сондай-ақ, олар әкелерінің қайда жүргенін білмейтінін бөлісті. 

«Талғарда тұратын Айнұр деген бір тәтемен сөйлесетін. Жалпы көп әйелдермен сөйлесіп жүрді. Телефонына тыныштық болмады. Солардың кесірінен шығар деп ойлаймын. Бірінің артынан бірі қоңырау шалады, солармен сөйлесе береді. Бізді еш еркелетпейді. Әйелдермен «жаным» деп сөйлескенін өз құлағыммен естідім. Бізге ондай жылылық сыйлаған емес, «балам» деп те еркелетпеді», — деді 

Әпкесінің сөзін 8 жасар сіңілісі жалғап, әкесін бәрібір де сағынатынын жасырмады. Алайда өздерін іздеп жүрген әкесі жоқ сыңайлы. 

«Мен сағынамын, ол бізді сағынбайды. Ол бізді жек көреді. Осы күнге дейін ұрған емес. Түк те істемеді. Бірақ «күнім» деп айтатын, кетіп қалды», — дейді Марал Болатхан. 

Бұдан өзге балалар әкелерінің өз аттарынан қарызға қалаған затын алып, ауылдастарының алдында ұятқа қалғанын жеткізді. Айтуларынша, ауылдағылар көпке дейін тыныштық бермеген. 
Отбасының тұңғышы Шарапат әкесінің әпкесінің қолында өскен. Ол әкесінің

«Өлсеңдер жақсы болатын еді» деп айтқан сөзі әлі күнге дейін жүрегіне тікен болып қадалғанын айтып жылады. 

stan.kz