«Өлсең, топырақ салуыңа келмеймін»: Айгүл Иманбаева әкесіне айтқан ауыр сөзін есіне алып, көзіне жас алды

0

Бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

«Менің жүрегімдегі ең үлкен тас әкем болды. 40 жыл бойы араласпаған әкеммен ініммен бір жағдай болған кезде, айдап әкемнің ауылына бардым. Құдайға шүкір, мен де мінез бар. Әкеме ауылына, үйіне бардым. Қатты айқайластым да ауыр, ауыр сөз айтып «өлсең, топырақ салуға келмеймін» деген сөзді айттым. Ол өте ауыр сөз, одан ауыр сөз жоқ шығар. Содан кейін көп жылдар өтті. Сөз де, айтқаным да тыныштық бермеді. Әкеңді жек көрмейтініңді жүрегің түсіне бастайды. Психологпен жұмыс жасаған сайын соны түсінесің. Жақсы көретініңді және оны аңсайтыныңды. Оның саған өмір бойы жетпегендігі. Тәкаппарлық пен реніш ештеңені де көрсетпейді екен. Минусын ғана көресің екен», — деді Айгүл Иманбаева.