«Өліп кетсем де саған бала тауып берем» дедім – Майра Мұхамедқызы жан сырын айтты

0

Журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында әнші Майра Мұхамедқызы өмірінің бір күрделі кезеңіндегі оқиғаны айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– 20 жыл! Бала болмаған кезде сөз бердім. Өліп кетсем де саған туып бере аламын дедім. Егер мен бала таба алмасам, сен басқа әйел алып, кетуіңе болады деп рұқсатымды бердім. “Мен махаббатымды қиямын” дедім. Ол “өмірдің мақсаты, мәні, әрине – бала, бірақ біздің махаббатымыз бар ғой” деді. Ол бала – Алланың қолында деді. Алла берем десе береді, бермеймін десе бермейді. Ол біздің құзырымызда емес. Біздің денсаулығымыз да, бәрі жақсы. Бірақ бермесе, оған кім кінәлі? Сондықтан мен түсінемін, бәрі бір Алланың қолында деді. Сен тастамасаң, мен сені тастамаймын деді, — дейді әнші сұхбатында.

Майра Мұхамедқызы 1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келген. Қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі «Гранд Операда» Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі.