Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы атанды

0

Бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев Қызылорда облысының спорт басқармасының басшысы атанды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Қызылорда облысының спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысын өткізді. Астанада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтіп, отырыста Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына ұсынылған үміткердің кандидатурасы қарастырылды. Нәтижесінде Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы Бахтияр Артаев тағайындалды.

Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда ғана жүзеге асырылады.