Өлімге әкеп соғатын азық-түлік түрлері

0
104

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сарапшылар 105 мың еріктінің рационы мен денсаулығы туралы деректерді салыстырып, он жыл бойы жағдайын бақылап отырды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Ғалымдар мезгілсіз көз жұму қаупін жоғарылататын азық-түліктерді атады, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

АҚШ, Бразилия және Испания ғалымдары анықтағандай, ағзаға ең қауіпті тағам – жоғары деңгейде өңделген өнімдер. Оларға өнеркәсіптік өңдеудің бірнеше кезеңінен өткен, құрамында қант, бояғыш, иістендіргіш, май мен тұз көп азық-түлік жатады.

Тағы оқыңыз: Мезгілсіз өлімнің алдын алатын таптырмас әдіс

Сарапшылар 105 мың еріктінің рационы мен денсаулығы туралы деректерді салыстырып, он жыл бойы жағдайын бақылап отырды. Белгілі болғадай, қатты өңделген тағамдарды пайдалану жүрек және қантамыр дертінің пайда болу қаупін 11–13 процентке арттырады. Сондай тамақты күнделікті төрт реттен көп жесе, мезгілсіз өлім қаупі 62 процентке жоғарылайды екен. Ал бір порциясы 18 процентке көбейтеді.

Ғалымдар ұн тағамдары, жартылай фабрикаттар, газдалған сусындар, жүгері қытырлағы, өңделген ет пен балық өнімдерін аз пайдалануға кеңес берді.

Тағы оқыңыз: Жеміс шырынын көп ішсе, не болады?



sputniknews.kz