Өлім аузында жатқан жігіттің соңғы тілегі орындалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жас жігітке он төрт және он сегіз жасында екі рет ота жасалған. Алайда генетикалық сырқаттан айығып кету мүмкін болмады

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың Чикаго қаласында әл үстінде жатқан жігіт өзінің мектептен бері кездесетін қызына үйленді, деп хабарлайды Daily Mail.

23 жастағы Хавьер Родригестің диагнозы — гипертрофиялық кардиомиопатия. Мұндай генетикалық ауру кезінде адамдарда жүрек жетіспеушілігі болады. Жас жігіт 14 және 18 жасында екі рет ота жасатқан.  

Родригес мектептен бері өзінің сыныптасы Кристал Куэваспен кездесткен. Екеуінің кішкентай қызы бар.

Дәрігер Родригездің санаулы уақыт қана өмір сүретінін айтқан. Науқас жігіт сүйгенімен неке қиямын деп шешіпті. Медициналық орталықта өткен рәсімге жігіт мүгедек арбасымен келді.

Тағы оқыңыз: «Ойлаған жоқпын»: Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео

Қалыңдық күйеуінің өзінің диагнозына үйреніп, көнгенін айтады. Кристал Куэвас өзінің ең қуанышты күні бақыт пен қайғыға толы болғанын жеткізді. Өйткені тойдан кейін баламен жалғыз қалатынын білген.



sputniknews.kz