«Өлім аузында жатқан күйде болдым»: Коронавирусқа шалдыққандар жұқпалы індеттің сұмдық жайттарымен бөлісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус індетінің бүкіл әлемде тарап, жиырма мыңға жуық адамның өмірін қиса да, ауруға салғырттықпен қарап жүргендердің саны көп. Бұл жағдай, әсіресе, жастардың арасында жиі кездеседі. Жас буынның арасында коронавирусты жұқтыру қауіпі төмен дегенді естіген олар қарапайым сақтық шараларын ұмытып жатады. Осылай жүріп ауруды жұқтырған шетелдік жастар басымызға қара бұлт үйірілген кезде ғана жағдайды түсіндік дейді. Stan.kz редакциясы коронавирусқа шалдыққан адамдардың хикаяларына көз жүгіртіп көрген еді. 

коронавирус

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының тұрғыны, дизайнер Тарек Солиман есімді азамат коронавирус туралы жаңалықтарға құлақ аспаған адамдардың бірі болыпы. Сөзінше, індет жайлы ақпаратқа бей-жай қарап жүрген ол бір күні кеселге тап болған. Енді ер жігіт басқаларын сақ болуға шақырып отыр. Тарек коронавируспен қалай күрескені жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазыпты. 

«Бұл менің бастан кешкен хикаям. Әсіресе, коронавирус маған қауіпті емес деп жүрген жастарға оқуға кеңес беремін. Алғашында денем қалтырап, кішкене әлсізсіздікті сезіндім. Бірақ мен суықтап қалған болармын деп ойлап, еш мән бермедім. Вашингтоннан Нью-Йорк қаласына автобуспен бара жатқанымда жағдайым ушығып кетті. Дене қызуының көтерілуі, қалтырау, терлеу, денемнің ауруы, бас ауруы секілді симптомдарға тап болып, бес күн үйде жаттым. Тұмаудың қиын түріне шалдықтым деген ой болды», — дейді коронавирус жұқтырдым деп ойламаған америкалық.

Әлі таусылып, ауруға шыдай алмаған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінген Таре мұндайды бұрын-соңды кездестірмеген ақ халаттылар басында сасып қалғанын айтады. Оның қаны мен мұрнынан сынамалар алынып, дене қызуын төмендетін дәрі іш деп, науқасты үйіне қайтарыпты. 

Тарек

«Бес күннен кейін қайта ауруханаға бардым. Жағдайым тіпті нашарлап кеткен еді. Дәрігер мені тексере бастағанда, есімнен таңып қалдым. Мені басқаларынан алшақ жатқызды, алайда бұл кезде де мамандар не істеу керектігін білмей, дал болды. Олар әрбір төрт сағат сайын ешнәрсе түсіндірмей, тест жасап тұрды. Өзімді тамызғыштың астында жатып өліп кететіндей сезіндім», — дейді Тарек. 

Бірнеше күннен кейін дизайнер коронавирусқа шалдыққанын естіген. Бұл кезде ауру оның өкпесіне зақым келтірген. Бойынан қалтырау кетсе де, оның тыныс алуы тарылып, дұрыс демала алмапты. Пандемияға қарсы дәрігерлердің шарасыздығын байқаған Тарек қайта ауруханаға көрінбекші. өзінше, басқаларының қауіпсіздігі әрбірінің қолында.

«Ауруханалар мен денсаулық сақтау жүйесіне сенім артудың қажеті жоқ, өйткені ондағы қызметкерлер не істеуді білмейді. Менің жағдайымды басқалардың басына бермесін. Менің коронавирусқа шалдыққанымды дәрігерлер тек төрт күннен кейін анықтады. Әлі де аурудың белгілері бар, қайтатаын түрі жоқ. Оған қоса өкпе қабынуы басталып, дұрыс тыныс ала алмаймын. Дәрі жоқтың қасы. Қазір жөтелгенде қан шыға бастады. Барлығы сіздің денеңізге тікелей байланысты», — деп аяқтады сөзін Тарек. 

Майкл

Ұлыбританиялық азамат Майкл Прендергасттың айтуынша, бұған дейін өкпе қабынуына шалдығып, омыртқасы сынған оның коронавирусқа шалдығуы өмірінде болған ең сұмдық жайт екен. Ең бірінші ауру белгілері Англиядан Ирландияға барған күні байқалыпты. Алғашында бас ауруына мән бермеген ағылшын азаматының тыныс алуы қиындап, дене қызуы жоғарылай беріпті. Кейінен денесі тартыла бастаған. Сөзінше, ауруханаға жеткен сәтінде өзін өлердей сезініпті. Майкл коронавируспен ауырғанда қандай сезімде болғанын айтып берді. 

«Мен басқаларынан алшақ палатада жатқанымда басыма бірқатар сұрақтар келе бастады. Денем ауырып, әлсіз болғаным сонша, тіпті, қу басымды көтере алмадым. «Мен жақсы адам бола алдым ба? Өмірімде не нәрсеге қол жеткізе алдым?» деген сынды сұрақтар мазалағаны бар. Менің өмірде бағындырар белестерім көп. Жасым 28-де. Жаттығу залына жиі барамын. Дәл осындай қалыпқа түсемін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Қалай қиналғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаспын», — дейді ирландиялық азамат. 

Майкл да оның айналасындағылар да вирусқа бейтараптылықпен қарап жүргенін ашып айтты. Коронавирус ешкімді де аямайды дейді ол. Қауіптің жоғары екендігін біле тұра адамдар қоғамдық орындарға баруларын қоймайды. Ол жұртты мұқияттылыққа шақырып, өзіңді ауру жұқпайтын адам ретінде сезіну дұрыс емес дүние екендігін қосты. 

«Бұл сөздер саябақтарға, жағажай мен спортзалдарына әлі барып жүргендерге арналады. Егер сіз мен секілді қиналатын болсаңыздар, сіздермен бірге сізге жақын адамдар да азап шегеді», — деп қосты Майкл. 

Майкл коронавируспен ауырған кезінде індеттің бірте-бірте көп-көптен оның күшін түк қалдырмай жоғалтып жібергенін айтады. Денеңіздегі бар қуат вирус күресуге жұмсалғандықтан, өлім аузында жатқан күйде боласыз деп аяқтады сөзін ол. 

Джулия

Италияда жүріп, коронавирусқа кезіккен 20 жастағы америкалық студент Джулия Бускалья аурудың белгілері жайлы сұмдық жайттарды атап кетті. Бойжеткен осы жылдың қаңтар айында Флоренцияға көшіп барыпты. Наурыз айында COVID-19-ға сынама жасатқан оның сараптамасы ауруды жұқтырғанын көрсетіпті. 

«Не айтарымды білмей қалдым. Себебі менің бойымда айтылып жүрген симптомдар тіпті болмаған еді. «Мен ауруды қайдан жұқтыруым мүмкін?» деген сұрақты ойлап, басым қатты», — дейді америкалық бойжеткен. 

Джулияның сөзінше, Италияда ол шаршап тұрғандықтан күні бойы жатыпты. 

«29 ақпан күні жаман күйде ояндым. Бас сүйегім шытынап кетердей болып, құлағым сыздай бастады, тамағым құрғап кетіпті. Денем ауырып, қалтырап тұрды. Қабынуға қарсы дәрі ішіп кешке дейін төсектен тұрмадым. Ертесі күні жағдайым түзелгендей болды, бірақ соның өзінде дәрігерге көрініп алуым артық болмайды деп, оны шақыртып алдым. Дәрігер маған суық тиген деп айтты. Кейін сол құлағым дұрыс естімейтіндей болды, бұл шаршағандықтан болар деп ойладым. Жөтел болған жоқ», — дейді Джулия. 

3 наурыз күні әлі Италияда жүргенінде оның есту қабілеті нашарлап кетіпті.  Сондай-ақ ол иіс пен дәм сезуді қойыпты. 

«Жөтелім болмады, бірақ басымның ауырғаны қоймады. 5 наурыз күні отаныма оралып, үйде тағы жаттым. Тек екі адаммен байланыста болдым. Жаңалықтарда жиі айтылып жүрген аурудың белгілері болмады. Ылғалды жөтел пайда болып, дәм және иіс сезу, есту қабілетерім қайта қалпына келді», — дейді ол. 

Оның коронавирусқа шалдыққаны тек 14 наурыз күні жасалған сараптамадан кейін барып анықталыпты. 

«Соның өзінде басқаларында жиі кездесетін симптомдар менде болмады. Тек жөтеліп жүрдім. сіздерге айтарым, бізге айтып жүрген аурудың белгілері толық емес. Сізде бұл аурулар кездеспеуі мүмкін, бірақ ол сіз коронавирусқа шалдықпадыңыз деген сөз емес. Менің қатарластарым ауру жұқпайды деп, мәз-мейрам болып жүр. Дегенмен бұған күлуге болмайды. Сыртқа шықпай, үйде отырыңыздар. Басқаларымен қарым-қатынасты азайтқан шарт. Егер сіздің бйоыңызда аурудың белгілері болмаса да абай болыңыз», — дейді бойжеткен. 

Қазір Джулияның жағдайы жақсарған сыңайлы. Сөзінше, оны мазалаған аурулардың барлығы қайтыпты. 

Еске салайық, бұған дейін дәрігерлер коронавирустың тағы бір белгісін атаған еді. 

 

 

stan.kz