Олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерін қайтару комитетін сотқа берді
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы-олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерін қайтару жөніндегі комитетті сотқа береді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Талапкер: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының активтерін қайтару комитеті»республикалық мемлекеттік мекемесі. Жауапкер: Құлыбаев Тимур Асқарұлы», — делінген 18 қарашада басталған процестің тараптарының сипаттамасында.
Іс судьяға беріледі және апелляциялық сатыда қаралады, басқа мәліметтер жоқ.
Айта кетейік, Бас прокуратура, әдетте, жалпыланған ақпаратпен шектеліп, активтерді қайтаруға қатысты қабылданған шаралар бойынша егжей-тегжей ақпараттарды ашпайды. Тіпті бірнеше рет жария түрде активтерді қайтару процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекет түсініксіз шыққан байлықты алып жатқан адамдардың толық тізімін жариялауға шақырған Парламент депутаттары да комитеттен нақты ақпараттарды ала алмайды.
Фото: inbusiness.kz