Олигарх Клебанов пен оның отбасы неге иелік етеді?

0

Қазақстандағы соңғы күндердегі басты жаңалықтарының бірі —  2021 жылғы Forbes тізімінде 15-орынды иеленген олигарх Александр Клебановтың бақылауындағы ЖЭО-да болған апат. Нәтижесінде қазақстандықтар 30 градус аязда жылусыз қалды. Ulysmedia.kz редакциясы шенеунік иелік ететін компаниялар туралы зерттеу жүргізді.

Сонымен Клебанов Қазақстан Президенті Әкімшілігі үшін ұшақтарды жеткізуге алғашқы капитал жинаған азамат ретінде танымал. Кейін ол ұшақтар «OrientEagle Airways Ltd» оффшорлық компаниясы арқылы жалға беріліп отырған. 2016 жылдан 2018 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның 24,5% акциясын Қайрат Сатыбалды оффшорлық компаниясына сатылғанға дейін иеленді.

Сондай-ақ, Александр Клебанов әйелі Дарьямен бірге бірқатар қазақстандық БАҚ-қа басшылық етеді. Оппозициялық баспасөздегі жарияланымдарға сәйкес, Клебановтар отбасы Дариға Назарбаевамен тығыз байланысты және олардың активтерінің бір бөлігі іс жүзінде Назарбаеваға тиесілі.

Оның ұлы Яков Клебанов кәсіпкер Сергей Канмен бірге (Forbes тізімінде 20-шы орын)  «Circle Maritime Invest» АҚ-ның 50%-ына иелік етеді. Сол арқылы тікелей Rixos Almaty-дағы («Solis Ltd.») үлесін бақылауда ұстайды. Сондай-ақ Astana Aviation Services және «Теңіз Star» ЖШС-де үлестерін жинақтап қойған. Ал серіктесі, ресейлік миллиардер Василий Анисимов 51% иелік ететін DEGEVOL UK LTD компаниясында 49% үлесі бар. Қазақстанда бұл компания уран мен молибден өндіретін «Степногорск тау-кен-химия комбинаты» АҚ-ға 100% бақылау жасайды.

Олигарх «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» («ОАЭК») акционерлік қоғамының 47,1%-ына иелік етеді, оның негізгі серіктесі — Клебановтың бұрыннан таныс досы Сергей Кан.

Оның ресми сайтында хабарланғандай, 2009-2019 ж.ж. қорытындысы бойынша, «ОАЭК» АҚ активтері 64,5% — ға жаңартылған. Бұл Қазақстан бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Басқарма төрағасының орынбасары болып Игорь Ильин, Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының ұлы Юрий Ильин жұмыс істейді.

Министрдің өзі ұлының жұмыс орны туралы:

«Менің ұлымның тікелей жұмысына келетін болсақ, менің ойымша, әрбір азамат өз пайдасын тигізе алатын жерде жұмыс істеуге құқылы», – деп пікір білдірді.

«ОАЭК» отбасы коэффициентін ескере отырып, 2 миллионнан астам адамға қызмет көрсетеді, бұл Қазақстан Республикасы халқының 12,5% -ын құрайды. «ОАЭК» АҚ тігінен интеграцияланған басқару құрылымына ие. Қазақстанның өңірлеріндегі «ОАЭК» АҚ-
ның еншілес кәсіпорындар қатарына «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы»АҚ кіреді.

Бұл кәсіпорындар өткен ғасырдың 90-жылдарында жекешелендіру шеңберінде берілген. Алдымен оларды «Росказэнерго» ЖШС иеленді, содан кейін 1998 жылдан 2007 жылға дейін – американдық инвестициялық корпорация Access Industries басшылық жасады. 2007 жылы «ОАЭК » Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясына» сатылды. Содан бері Клебанов пен Кан үлкен энергетикалық экономикаға иелік етіп отыр.

Ақпарат: https://ulysmedia.kz/news/15797-chem-vladeet-oligarkh-klebanov-i-pri-chem-tut-ministr-chs-ilin/ 

Фото: kaztag.kz