Өлеңді жестпен жеткізген жас жұбайлардың видеосына ел сүйсінді
Әлеуметтік желіде өз сезімдерін жест-мимикамен жеткізген жас жұбайлардың видеосы тарады. Сөйлей алмайтын ғашықтар Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың «Сезім үшін» әнін өздерінің үйлену тойларында дуэт болып айтып шыққанын аңғаруға болады.
Бет-әлпет, қол қимылдары арқылы бір-біріне деген махаббаттарын жеткізген қалыңдық пен жігітке той қонақтары қошемет көрсетуде. Ерекше көрініске ерекше ықылас білдірген оқырмандар ыстық ықыластарын жаудырып жатыр.