Олег Меньшиков ауруханаға түсті

0

Ресейдің халық әртісі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Актер Олег Меньшиков шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол Мәскеудегі ауруханалардың бірінде жан сақтау бөлімінде жатыр.

Владимир Вяткин

М.Н.Ермолов атындағы драмалық театрының жетекшісі Олег Меньшиков

Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз. Меньшиковтың өкілдері ақпарат берген жоқ.

Ресейдің халық әртісі Олег Меньшиков 1960 жылы 8 қарашада туған. «Утомленные солнцем», «Кавказский пленник», «Сибирский цирюльник» және «Покровские ворота» сынды бірқатар фильмге түсті. 2012 жылдан бері М.Н.Ермолов атындағы драма театрының жетекшісі.



sputniknews.kz