«Өле салғаным жақсы»: Жанар Дұғалова өзгенің отбасын бұзуға қарсы шықты — новости Казахстана

0

Шоу-бизнес әлемінде бірде-бір рет шу шығарып, елдің ашуына тимеген Жанар Дұғалова өзгенің шаңырағын бұзатын аруларға қатысты пікір білдірді. Әнші өзінің басынан бұндай жағдай өтсе, біреудің отбасын бұзуға жол бермейтінін ашық айтты. Бұл туралы «Хабар» арнасының «Одна история» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

«Менің артымнан еретін жаман сөздер жоқ. Себебі мен оған жол бермеймін. Кей қыздарды біреудің «көңілдесі» деп жатады. Бірақ мен олар үшін жауап бере алмайды екенмін. Жеке мен үшін біреудің көңілдесі болу, танымалдылыққа біреу арқылы қол жеткізу — ұят жағдай. Мен мұндай нәрсеге ешқашан рұқсат бермеймін.

Отбасылы ер адамға ғашық болсам, өзімді-өзім өлтіруім мүмкін. Өзімді көп қабатты үйден тастап жіберуім мүмкін. Бірақ өзгенің отбасын бұзуға ешқашан бармаймын. Мен үшін бұл — сорақылық. Тамыр-таныс арқылы көтерілуге емес, адам өзіне сену керек», — деді Жанар Дұғалова.

Айта кетейік, осыған дейін Жанар Дұғалова тоқал болуға қатысты өз ойын айтқан болатын.

Сондай-ақ әнші болашақ жарының бойынан іздейтін қасиеттерді де атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Дұғалованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.