«Олар мені таптап өтті»: Қарағандыдағы түнгі клубтағы төтенше жағдай — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағандыдағы түнгі клубта, ресейлік «Слот» тобының концертінде, екі қыз дұрыс орнатылмаған жарықтың құлауы салдарынан ауыр жарақат алған. Оқиға 2019 жылдың 5 қыркүйегінде болған, бірақ дәл қазір іс кеңінен жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі eKaraganda сайтына сілтеме жасап. 

вика коллаж

Сол күн туралы ақпаратты әлеуметтік желіде зардап шеккендердің бірі жариялады. Қыздың айтуынша, осы уақытқа дейін ұйымдастырушылардан ешкім хабарласпаған, ал полиция алты ай бойы өз жұмысының нәтижесін көрсете алмады.

Қарағандылық арудың айтуынша, ол концертке кешігіп келіп, небары 10 минуттай болған. Жарықтың қай жерге құлағанын ол бастапқыда түсінбеді. Соққы алған бикеш есінен танып қалды.

«Адамға лық толы клубта есімнен танып қалдым, бірақ ешкім оны байқаған жоқ, маған көмекке бірде-бір адам келген жоқ. Олар мені таптап кете барғанда ғанағ мен есімді жидым. Өз күшіммен орнымнан тұрып, дәретханаға бардым», — деп еске алады Виктория Забулика. «Үсті-басымның бәрі қан болды, қанша жуынсам да қанның қайдан келіп жатқанын түсіне алмадым. Ұйымдастырушылардың ешқайсысы болмады. Басым қатты айнала бастады, жағым қарысып, жабылмай қойды», — дейді зардап шеккен ару.

«Маған ми шайқалу диагнозын қойды, сонымен қатар бас сүйегімнің сол жақ бөлігіне қатты зақым тиген, мұрын сүйегім зақымданған, ерінім көгерген. Еріннің ішкі жағы мен басым жарылған, ал мұрнымды тігуге тура келді», — дейді қыз.

Виктория келесі күні Қарағанды ​​полициясына шағым түсірген. «Алты ай бойы тергеу болды, олар бізден елді шулатпауымызды өтінді және іс сотта аяқталады деп уәде берді. Алдымен біз кінәліні таба алмадық, содан кейін олар жабдықты орнатқан Андрей есімді адам екенін айтты. Тергеуші бізге келісімге келуді ұсынды, сондықтан біз кездестік. Андрей өзін кінәлі деп санамады. Мен бір миллион теңге сомасын жарияладым. Бұл ем-домға, адвокатқа ақы төлеуге жұмсалған ақша, өйткені мен біраз уақыт жұмыс істей алмадым және моральдық шығынды да талап еттім. Содан кейін маған ешкім хабарласпады», — дейді Виктория. 

«Тергеуші біз қойған сұрақтарға әрең жауап береді, нақты ақпарат жоқ. Бірнеше күн бұрын ол бізге ешқандай қылмыс құрамы жоқ, сот процесі болмайтынын айтты».

Виктория бұл концертте ауыр жарақат алған жалғыз адам ғана емес. Сол жарықтың құлауынан кеуде аймағының үш омыртқасын сындырған қарағандылық Маргарита Сердитова да бар.

Екі жәбірленуші де прокурорға жүгінгісі келеді. Полиция бөлімі бұл жағдайға түсініктеме беруге уәде берді.

stan.kz