ол қандай артықшылықтарға ие болады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қор арқылы өңдеуші кәсіпорындарға 3%-тен аспайтын мөлшерлемемен кредит беріледі. Сондай-ақ, осы жоба аясында бір қарыз алушыны бірнеше банктің бірлесіп кредиттеуі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Өнеркәсіпті дамыту қорын құру ұсынылады. Қор арқылы 3%-тен аспайтын мөлшерлемемен өңдеуші кәсіпорындарға кредит беру жоспарлануда», – деді Дәленов үкіметте 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстыру барысында.

Кешенді жоспарда өңдеуші өнеркәсіпті қолдау үшін қаржыландыру тетіктері айтарлықтай кеңейтілген.

Ұлттық банктің бағдарламасы бойынша өңдеу өнеркәсібі субъектілерінің айналым қаражаты жеңілдікпен қаржыландырылады.

Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындар «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алады. Оларға экспорттық кредит беріледі.

«Бірнеше банктің бір қарыз алушыны бірлесіп кредиттеуі үшін банктік синдикатталған кредит беру жоспарлануда», – деді министр.

Бұдан бөлек, үкімет отандық өндірушілердің тауарларын өткізу бойынша бірқатар шараны қолға алмақ.

«Бұл мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында оффтейк-келісімшарттар жасау. Жеңілдетілген қаржыландыруды алушыларға отандық материалдар мен жабдықтарды пайдалану бойынша міндеттемелер белгілеу. Міндеттемелер жеке инвесторлармен лицензиялық келісімшартта бекітілетін болады», – деді Дәленов.

Оқи отырыңыз: 3 проценттік қолжетімді кредит: президент жаңа қор құруды ұсынды

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидия беру тетігі жетілдіріледі. Жоғары экспорттық өнім өндірушілердің тасымалдау шығынын өтеу 80 процентке дейін ұлғайтылады.



sputniknews.kz