«Ол менің медалімді ұрлады»: Канадалық шаңғышы Полторанинді айыптады — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Канадалық шаңғышы Алекс Харви 5 спортшының төңірегінде туындаған допинг дауына қатысты пікір білдірді. Басы дауға қалғандардың қатарында қазақстандық Алексей  Полторанин де бар.

«Ол менің медалімді ұрлады»: Канадалық шаңғышы Полторанинді айыптады

Бұл туралы Vesti.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ол менің медалімді ұрлады. Одан да көбін ұрлауы мүмкін еді», — дейді Харви қазақстандық шаңғышы туралы. 

Басылымда аталғандай, бұл орайда Харви 2013 жылы Валь-ди-Фьеммеде өткен әлем чемпионатындағы қола жүлдеге қатысты  сөз қозғаған болуы мүмкін. Сол кезде командалық спринтте Полторанин мен Чеботько қола жүлдені иеленген еді. Бұл чемпионатта Харви төртінші болды. 

Еске сала кетсек, Алексей Полторанин допинг дауына іліккен еді. Бұған дейін оның тұтқындалғаны хабарланды.

Халықаралық шаңғы федерациясы допингке қарсы ережелердің бұзылуына қатысты даулы істің тергелуіне байланысты Алексей Полторанинді спорттан уақытша шеттетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz